Ресейде Тула облысының Куркино ауылында көпқабатты тұрғын үй опырылды. Бұл туралы өңірлік Тергеу комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оқиға орнында тергеушілер мен криминалистер жұмыс істеп жатыр. Тергеу басқармасының басшысы Владимир Усов жағдайды жеке бақылауына алған.
Қазір апаттың себебі анықталып жатыр. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.
