Ақ үйде қызметте болған, Гарвардта жұмыс істейді: Америкадағы қазақ қыздары

Сағыныш Сардарова 08 қар. 2025 12:06

Саясат, бизнес, дипломатия, білім беру секілді салаларда Американы бағындырып жүрген қазақ қыздары аз емес. Dalanews.kz шетелде қазақ атын шығарып жүргендер кімдер екеніне шолу жасады.

Сәуле Омарова - әлемге танылған экономист, АҚШ-тағы Корнелл университетінің профессоры. Ол Орал қаласында туған, ММУ мен Висконсин университетін бітірген. 2021 жылы АҚШ-тың Валютаны бақылау басқармасының басшысы қызметіне ұсынылған, бұл - лауазым елдің қаржы жүйесіндегі ең жоғары қызметтердің бірі.

Сәуле Омарова

Ол - мұндай мемлекеттік деңгейдегі қызметке ұсынылған алғашқы қазақстандық әйел.

Бір кездері БАҚ-та бірнеше мәрте жазылған Америкадағы қазақ қыздарының бірі - Әсел Төленова. Бұған дейін оның АҚШ Мемлекеттік департаментінде протокол қызметін басқарған дипломат екені айтылған еді. Оның Алматының тумасы екені, Georgetown университетінің түлегі екені туралы ақпарат бар.

Дерекке сүйенсек, 2021–2022 жылдары АҚШ президенті мен әлем көшбасшыларының ресми кездесулерін ұйымдастыруға жауапты тұлға болған.

Әсел Төленова

Америкада жүрген тағы бір қазақстандық - Әсел Амангелді. Ол бүгінде Гарвардта профессордың академиялық ассисстенті болып жүр. Әсел - Түркістан облысы Арыс қаласының тумасы. өзі де Гарвардта білім алған.
 
Қазақстанда ағылшын тілін үйренушілерге арнап тіл курсын ашқан.
 
Әсел Амангелді

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар