Болжам: Бір айдан кейін 1 АҚШ доллары 513,9 теңге, ал бір жылдан кейін 551,2 теңге болуы мүмкін

Кәмшат Тілеухан 10 ақп. 2025 16:35 1317

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының Сараптама орталығы 2025 жылғы ақпандағы кейбір индикаторлары бойынша қаржы нарығының кәсіби қатысушыларынан кезекті рет алынған сауалнама нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Зерттеу қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының, банк, сақтандыру, брокерлік ұйымдар өкілдерінің, сараптама және қазынашылық бөлімшелер қызметкерлерінің пікірінен тұрады.

Бұл жарияланымда респонденттердің келесі негізгі индикаторлар бойынша болжамдарға қатысты сұрақтарға жауаптары ұсынылған:

  1. Инфляция;
  2. ҚР ҰБ белгілейтін базалық мөлшерлеме көрсеткіші қандай болуы мүмкін.
  3. Теңгеге шаққанда 1 АҚШ доллары қанша болады.
  4. Brent маркалы мұнайдың бір баррелі қанша болуы ықтимал;
  5. ЖІӨ;

ТҮЙІН:

  1. Айлық инфляцияның соңғы 11 айдағы ең жоғары көрсеткішке дейін (қаңтарда — 1,1%) үдеуі және салық жүйесіне қатысты талқыланып жатқан реформалар аясында келесі жылға болжанатын инфляция көлемі бойынша болжам нашарлай түсті. Бір жылдан кейін күтілетін инфляцияның орташа деңгейі 9,4%-дан 10,6%-ға дейін өсті.
  2. Байқалып отырған және күтілетін инфляцияның өсімі базалық мөлшерлеменің жоғарылауына және ақша-кредит жағдайларын қалыпқа келтіру мерзімдерін тағы да кешеуілдеуіне әкеліп соғуы мүмкін. Сонымен, респонденттердің 37%-ы алдағы 7 наурыздағы отырыста базалық мөлшерлеме көлемі өседі деп ойлайды, бірақ қалған көпшілігі оның қазіргі күйінде сақталатынын болжайды. Сонымен қатар, келесі 12 айда базалық мөлшерлемені төмендету кеңістігі айтарлықтай тарылды: бір жылдан кейін оның мәні 14,5% болуы мүмкін, ал бір ай бұрын бұл көлем 14,0% деп болжанған. Осылайша, экономикадағы нақты ставка қазіргі жоғары деңгейі 6,35%-дан 3,9%-ға дейін төмендеуі мүмкін.
  3. Жоғары ставкалар, салық кезеңінде дәстүрлі түрде теңгеге деген сұраныстың артуы, ҚР ҰБ операциялары шеңберінде шетел валюталарының тұрақты ұсынысы және сауда балансының маусымына сай профицит көрсеткішінің жақсаруы (бірінші тоқсанда импортқа жұмсалатын шығыстар, әдетте, төмендейді, ал тауарлар экспортынан түсетін кірістер өзгеріссіз қалады) ақша бағамын қысқа мерзімді перспективада қолдайды, бірақ ұзақ мерзімді перспективада қысым жасауын жалғастыруы мүмкін. Бір айдан кейін 1 АҚШ доллары 513,9 теңге (тек. 510,7), ал бір жылдан кейін 551,2 теңге (552,5 бұрын) болуы мүмкін.
  4. Бұл жаһандық деңгейде шикізат ұсынысының болжамды ұлғаюы және әлемдік экономиканың баяулауы аясында бір жылдан кейін күтілетін Brent мұнайының орташа бағасының арзандауымен байланыстырылады. 2025 жылы бір баррель мұнай құны 69,3 доллар (бұрын 73,6) болады деп қайта қаралды. Естеріңізге сала кетейік, бюджет мұнайдың бір баррелін 75 доллар тұрғысында есептелген.
  5. Мұнайдың арзандауы, қатаң қаржылық жағдайлар және ағымдағы жылдағы жоғары базалық мөлшерлеме әсері (Теңізде кен орыны іске қосылды) 12 айдан кейін ЖІӨ динамикасына теріс әсер етуі мүмкін. Бір жылдан кейін ЖІӨ-нің өсімі бойынша болжам бір ай бұрын болжанған 4,3% көрсеткіштен 4,1%-ға дейін төмендетілді.

Бұған дейін сайтымызда "HF cарапшысы теңгенің нығаюына не түрткі екенін айтып, доллар қанша болатынын болжады" деген мақала жарияланған. Оған сәйкес, Halyk Finance маманы осы ақпан айының соңында 1 АҚШ доллары 518,2 теңге болады деп болжайды.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар