Арқалықта тойға келгендер адамдар жаппай уланып қалған

Көркем Алдабергенова 22 қаз. 2025 15:40

Арқалықта мейрамханада өткен тойдан кейін 150-ден астам қонақ уланып қалды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әлеуметтік желілерде Арқалық қаласындағы мейрамханада өткен отбасылық мерекеден кейін адамдар жаппай уланып қалғаны туралы хабарлама тарады.

Мереке мен жағдайдың себебі

Threads платформасында жазба жариялаған автордың айтуынша, олар туысының 60 жылдық мерейтойын атап өткен. Алайда мерекеден кейін көптеген қонақтар өздерін жайсыз сезіне бастаған.

Автордың айтуынша, Қостанай облысында өткен тойдан кейін 150-ден астам адам, оның ішінде ата-анасы да бар, улану белгілерін байқаған. Мереке Арқалық қаласындағы мейрамханада өткен.

Ресми ақпарат әзірге жоқ

Қазіргі уақытта жергілікті билік пен санитарлық қызмет тарапынан ресми мәлімет жарияланған жоқ.
Оқиғаның мән-жайы мен улану себептері анықталып жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар