Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желілерде өзіне қатысты айтылған сындарға пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Министрдің айтуынша, кейбір желі қолданушылары таратқан “Сүлейменованың мектептегі еңбек өтілі бір жыл ғана” деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
"Бұл пікір қисынсыз. Жалпы менің педагогикалық еңбек өтілім жиырма жылдан асады”, — деді министр.
Оның сөзінше, ол бұған дейін білім беру саясатын қалыптастыру, типтік оқу жоспарларын әзірлеу және оқу бағдарламаларын жетілдіру бағыттарында орталық аппаратта ұзақ жылдар еңбек еткен.
"Сондықтан менің еңбек өтілімді "бір жыл ғана" деп көрсету жалған ақпарат”, — деп түйіндеді Жұлдыз Сүлейменова.