Олимпиада чемпионы Елдос Сметов сыйға алған қымбат көлігін сатып жіберді

Қаракөз Амантай 22 қаз. 2025 18:17

Танымал қазақстандық дзюдошы, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов сыйға алған қымбат көлігін сатып жіберді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Көлікті Сметовке танымал журналист Динара Сәтжанның күйеуі, кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов сыйға тартқан. 

Спортшы Mercedes-Benz AMG GLE маркалы автокөлігін 45 миллион теңгеге бағалап, хабарландыруды Krisha.kz сайтында жариялаған еді. 

Айта кетейік, Елдос Сметов Қазақстан тарихындағы дзюдо спортынан Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш спортшы. Ол Олимпиада ойындарында барлық дәрежедегі медальді жеңіп алған: Париж-2024 – алтын, Рио-де-Жанейро-2016 – күміс, Токио-2020 – қола.

Сонымен қатар Сметов 2014 жылғы Азия ойындарының, 2015 жылғы әлем чемпионатының және 2016 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар