"Халықтың еңбегімен тапқан ақшасы". Атырау тұрғыны БЖЗҚ ісі бойынша үндеу жасады

Сағыныш Сардарова 22 қаз. 2025 17:18

Атырау тұрғыны Жайық Иманбаев оның бауырлары Ғаббас Иманбаев пен Берік Абдолла Қаржылық мониторинг агенттігі қозғаған қылмыстық іс бойынша айыпталып отырғанын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz "Ақ Жайыққа" сілтеп.

Тергеу нұсқасына сәйкес олар басқарған стоматологиялық клиника азаматтардың БЖЗҚ-дан алған қаражатын мақсатсыз жұмсауға қатысы бар деген күдікке ілінген.

Алайда Жайық Имамбаев бұл пікірмен келіспейді:

"БЖЗҚ – халықтың еңбегімен тапқан ақшасы. Біз жалақымыздың 10 пайызын ай сайын аударып отырамыз. Мемлекет осы жинақтың бір бөлігін пайдалануға мүмкіндік берді, халық сол құқығын пайдаланды. Көпшілік бұл ақшаны ипотека, несие, емделуге жұмсады. Бұл қалай қылмыс болуы мүмкін? БЖЗҚ-дан қаражат алу үшін бірнеше кезеңнен өту керек. Барлығы тіркеледі және тексеріледі. "Таныспен" жасау мүмкін емес. Сондықтан стоматологиялық клиниканы алаяқтыққа айыптау қисынсыз".

Сонымен қатар, тергеу деректерінде кейбір клиникалар БЖЗҚ қаражатын "қолма-қол ақшаға шығарып беру" үшін 10–15 пайыз комиссия алып, жалған стоматологиялық қызмет рәсімдегені айтылған. ҚМА бұл жайтты қылмыстық іс қозғауға негіз еткен болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар