Қазақстанда жанармай бағасына қойылған мораторий көктемге дейін ұзартылмақ

Қаракөз Амантай 22 қаз. 2025 15:38

Қазақстанда бензин мен дизель отынының қымбаттауына тыйым салу кемінде келесі жылдың көктеміне дейін ұзартылмақ. Бұл туралы Мәжілісте өткен брифингте Премьер-министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Мораторий кем дегенде көктемге дейін жалғасады. Біз көрші елдердегі жағдай тұрақталғанын күтуіміз керек. Қазір баға айырмасын азайтуға тырысып жатырмыз, бірақ ол керісінше ұлғайып барады. Бұған екі себеп бар: біріншісі — айырбас бағамының ауытқуы, екіншісі — кейбір көрші елдерде жанармай тапшылығының туындауы. Ал тапшылық бағаның өсуіне ықпал етеді. Олар бізден өзгеше, бағаны ұстап тұрмайды", - деді министр.

Айта кетейік, 16 қазан күні Қазақстанда АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бағасын көтеруге мораторий енгізілген болатын. Осы күннен бастап жанармай бағасы бекітіліп, уақытша өзгеріссіз қалдырылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар