Қаржы министрлігі заңсыз жалға берілетін тұрғын үйлермен күресті күшейтеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ведомствоның салық төлемей жалға беріліп жатқан пәтерлерді анықтау бойынша жұмысты күшейтіп жатқанын мәлімдеді.
Министрліктің мәліметінше, тұрғын үйді жалға беруді заңдастыру үшін жеңілдетілген салық режимдері енгізіліп жатыр.
Бақылау механизмі жылжымайтын мүлік саны, тіркеу мекенжайы және тұрақты төлемдер сияқты деректерді салыстыру арқылы жүзеге асады.
Қаржы министрлігі үй иелері бірлестіктерімен (ОСИ) және учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс істеуде.
Бұл шаралар қылмыстың алдын алу, сонымен қатар тұрғын үй нарығындағы ашықтық пен салық тәртібін қамтамасыз етуге бағытталған.