Елімізде ана мен баланың денсаулығын қорғауға бағытталған іс-шаралар мен бағдарламалар маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі болып табылады. Бұл бағытта тәуелсіздік жылдары көптеген жұмыстар атқарылды. Ана мен баланың денсаулығы болашақ ұрпақтың денсаулығы мен өмір сапасына тікелей әсер ететін көрсеткіш десек болады. Сондықтан ана мен баланың денсауылғын жақсартуға қатысты жұмыстар тоқтаусыз жүруі тиіс.
Қазір ел аумағында жүкті әйелдерге арналған медициналық қызметтерді жақсарту мақсатында, перзентханалар мен босану орталықтарын дамыту жұмыстары қарқынды жүруде. Орталықтарды заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету, білікті мамандарды тарту және жүкті әйелдерге сапалы қызмет көрсету – басты назарда.
Сонымен қатар, босану кезінде асқынуларды азайту мақсатында жаңа технологиялар енгізіліп, алдын алу шаралары жүргізіледі.
Dalanews.kz ақпарат агенттігі тілшісіне ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова елімізде ана мен баланың денсалығын жақсартуға бағытталған медициналық инфрақұрылым жайында қысқаша баяндап берген болатын.
– Денсаулық сақтау министрлігі халықаралық стандарттарға сүйеніп, ана мен балаға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етіп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстың тиімділігін арттыу ісі де министрліктің жіті назарында екенін айтқым келеді.
Қазіргі таңда еліміздегі әйел адамдардың саны 10,2 миллонды құраса, баланың саны 6,8 миллионға жетіп отыр. Сол сияқты елімізде жыл сайын орта есеппен 400 мыңнан астам ана өмірге сәби әкеліп, халық санының арттыруын өз үлестерін қосып келеді.
Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алған күннен бастап ана мен баланың денсаулығын нығайтуға баса көңіл бөліп, бұл бағытта тиісті заңнамалар мен құықтық актілерді қабылдады. Осы жылдар ішінде Қазақстанда ана мен баланың тиісті медициналық қызмет көрсететін инфрақұрылым толықтай қалыптасты деп нық сеніммен айта аламын.
Бүгінде мемлекетіміз ана мен балаға бағытталған медициналық көмектің тегін болуына толықтай кепілдік беріп отыр. Қазіргі таңда жүкті әйелдерге еліміз бойынша 240 статционарлық емханалар күн сайын қызмет көрсетеді. Бұдан басқа бір сәтте 9 мыңнан астам жүкті аналарды босандырып, оларға барлық медициналық көмекті көрсететін мүмкіндігіміз бар. Жүкті әйелдерге медициналық қызмет көрсететін нысандырдың 45 пайызы ауыл мен аудандық жерлерде орналасқанын айта кетуіміз керек. Осылайша ауылда да, қалада да ана мен баланың өмірін сақтап, денсаулығын жақсарту бағатындағы жұмыстар тоқтаусыз жүріп жатыр, – дейді Мағрипа Хамитқызы.
Ана мен баланың денсаулығын жақсартуда дұрыс тамақтандырудың маңызы зор. Маманда дұрыс тамақтану – денсаулықты сақтаудың маңызды аспектісі екенін алға тартып келеді. Әсіресе, ауылдық жерлерде аналар мен балалардың тамақтану мәселелеріне көп көңіл бөліміз керек.
Осы ретте мемлекеттік бағдарламалар арқылы жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарға қажетті дәрумендер мен минералдар тегін берілуде. Сонымен қатар, емшек сүтімен тамақтандыруды насихаттап, әйел аналар арасында нәрестелерді дұрыс тамақтандыруды қолдап келеміз.
Бұдан басқа балалар денсаулығын сақтап, аурулардың алдын алуда да көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Бүгінде балалар арасында жиі кездесетін аурулардың алдын алу үшін елімізде вакцинациялау ісі кеңінен жүргізіліп келеді. Қазақстанда барлық балаларға тегін вакциналар ұсынылады, оның ішінде туберкулез, гепатит, қызылша, көкжөтел сияқты ауруларға қарсы вакцинация алудың маңызы зор. Сонымен қатар, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың медициналық тексеруден өтуі міндетті түрде қамтамасыз етілгенін айта кеутіміз керек.
Ана мен бала денсаулығын қорғауда психологиялық көмек те маңызды рөл атқарады. Жүкті әйелдер мен жас аналарға психологиялық қолдау көрсету үшін арнайы қызметтер ұйымдастырылып, стресс пен депрессияның алдын алу бағытында жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ, балаларға арналған психологиялық көмек қызметтері мектептер мен балабақшаларда қолжетімді екенін айта кетуіміз керек.
Қазір ауылдық жерлерде ана мен бала денсаулығын қорғау қиындық тудырады. Өйткені, медициналық қызметтердің қолжетімділігі қалаға қарағанда шектеулі. Осыған байланысты, денсаулық сақтау министрлігі ауылдық жерлерде көшпелі медициналық бригадаларды ұйымдастырып, сапалы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етугі күш салып келеді. Бригадалар аналарға жүктілік кезеңінде кеңес беріп, балаларға вакциналар егу, және басқа да алдын алу шараларын үздіксіз жүргізіп келеді.
Ана мен бала денсаулығын жақсарту үшін медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламалары үнемі жаңартылып отырады. Медициналық мекемелерде қызмет ететін мамандар тұрақты түрде курстардан өтіп, халықаралық тәжірибемен танысып, өз біліктілігін арттыруда. Бұл шаралар денсаулық сақтау саласындағы жаңа әдіс-тәсілдерді игеруге және сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда, Қазақстанда ана мен баланың денсаулығын қорғау мақсатында көптеген маңызды шаралар атқарылып жатыр. Бұл шаралар болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтап, жақсартуға бағытталған. Бұл бағыттағы жұмыстың тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік қолдау жалғаса беретін болады.