Әлия Назарбаева: «Ортақ келісімге келмей экологияны құтқару мүмкін емес»

Dalanews 03 қар. 2021 05:40 825

Қазақстандағы экологиялық ұйымдардың Ассоциация басшысы COP26 климаттың өзгеруі жөніндегі жаһандық саммит туралы және еліміздің БҰҰ-ның ғаламшарды құтқару бойынша жоспарына қатысуы туралы айтты.

Шотландияның Глазго қаласында БҰҰ-ның климаттың өзгеруі бойынша саммиті өтіп жатыр. Оған премьер-министр Асқар Мамин бастаған экология министрлігі, қоғам өкілдері мен сарапшылар бар қазақстандық делегация қатысуда.

Бұл саммитті әлемдік баспасөз ұйымдары тарихи сәтке теңеуде. Ал бірнеше күн бұрын Ұлыбритания үкімет басшысы Борис Джонсон Глазгодағы конференцияны «күллі әлем үшін елеулі сәт» деп атады. Біздің еліміз үшін климаттың өзгеруімен күрес және «көміртек бейтараптығы» мәселелері өте маңызды. Қазақстандағы экологиялық ұйымдардың Ассоциация басшысы Әлия Назарбаеваның жиынға қатысуы - осының дәлелі.



«Қазақстан және Орта Азия тұрғындары адам және оның тұрмыстағы іс-әрекеті экологияға қаншалықты әсер ететінін жақсы білеміз. Шикізат өндіруге бағытталған экономиканың салдарлары бізге жақсы таныс, - дейді Ә. Назарбаева. – Шөл далалардың ұлғаюы, еріп жатқан мұздықтар, ауыз судың азаюы, зиянды, қауіпті, улы қоқыстар көлемінің шектен тыс өсуі – біз осындай мәселелермен бетпе-бет келіп отырмыз».

Экоодақ басшысының айтуынша, тәуелсіз халықаралық зерттеулерге сүйенсек, Қазақстан Европа мен Орта Азия елдерінің арасында қоршаған ортаның органикалық заттармен ластануы бойынша 2-орында. Қалалардағы атмосферадағы қатты бөлшектер Еуроодақ елдеріндегі көрсеткіштерден бірнеше есе көп. Сарапшылардың пікірі бойынша, елдегі 6 мыңнан астам мезгілсіз өлімдер лас ауаның себебінен.

«Бұл күн тәртібіндегі кезек күттірмейтін мәселе, - дейді Ә. Назарбаева. – Сондықтан Қазақстан жасыл экономикаға өтудің аймақтық бастамасын ұсынуда. Сол үшін елімізде экология, геология және және табиғи ресурстар  министрлігімен бірге Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы құрылған. Біздің мақсатымыз – тұрақты «жасыл» болашақ үшін мемлекеттің, халықаралық ұйымдар, қоғам мен ірі бизнестің күшін біріктіру».



Елімізде ойлап шығарылған дағдарысқа қарсы концепция экологиялық қауіптердің алдын алу, мониторинг, анализ, болжам жасауға арналған базалық платформа болмақ. «Ынтымақтастық болмаса, экогологияны құтқара алуымыз екіталай. Орта Азия экожүйесін құтқару жоспарын көршілес елдермен, халықаралық институттармен бірікпей жүзеге асыру мүмкін емес», - деп түсіндірді экологиялық ұйымдар Ассоцияциясының басшысы.

Оның айтуынша, осы жылы Қазақстан Республикасында парниктік газдардың шығындарын азайту бойынша ұлттық саясатты жаңарту көзделуде. Сонымен қатар, Орта Азия өзге де мемлекеттерінің өкілдері таяу болашаққа жоспарларымен бөліспек. Біріккен және жоспарланған іс-шаралардың арқасында Париж келісімінің нәтижесінде климат пен қоршаған орта жағдайы сәтті дамиды деген сенім бар.

«Аймақ елдерін Орта Азиялық Климаттық хаб аясында климатты құтқару үшін бірігуге шақырамын. Ортақ үйіміздің тұрақты дамуы үшін бір мақсатқа жұмылу қажет», - дейді Ә.Назарбаева. 

Конференцияның 26 жылдық тарихында тұңғыш рет Орта Азия өкілдері ортақ аймақ ретінде бірлескен позициямен сөз сөйледі. Сондай-ақ, Орта Азияның аймақтық экологиялық орталығының көмегімен бірлескен аймақтық Павильон өкілдері «жасыл» инвестициялық қауқарын және қаржыландыру, технологиялар және экологиялық экспертиза бойынша қажеттіліктері көрсетілді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар