Алаяқтарға қазақстандықтардың банк шоттарын бұзу қиын болмай тұр

Асель Қайратқызы 22 қаз. 2025 11:44

Рудный қаласында клиенттердің құрылғыларындағы банк қосымшаларын бұзу арқылы ақша ұрлады деген күдікпен телефон жөндеу шебері ұсталды деп хабарлайды Dalanews.kz Қостанай облыстық ПД-не сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Мобильник» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Рудный қаласының полицейлері бұрын қолданыста болған ұялы телефондарды жөндеу және сатып алумен айналысқан жергілікті тұрғынды ұстады.

 «Тергеу мәліметінше, ер адам құрылғыларды диагностика және техникалық қызмет көрсету үшін алып, кейін банктік қосымшаларға заңсыз қол жеткізіп, қаражатты өз шоттарына аударып отырған»,- деп мәлімдеді Қостанай облыстық ПД.

Кіру үшін құпиясөздер ретінде туған күндер, иелерінің есімдері және басқа да оңай болжанатын комбинациялар пайдаланылған.

«Қазіргі уақытта күдіктінің үш қылмыстық эпизодқа қатысы бар екені дәлелденді»,- деп нақтылады ведомство.

Зиянның жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асты. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, қосымша фактілер мен жәбірленушілер анықталуда.

Полиция азаматтарды киберқауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды:

Телефонды жөндеуші шеберге де құлыптан босатылған күйінде бермеңіз;

Құрылғыны тапсырар алдында банк қосымшаларын өшіріп, барлық аккаунттардан шығыңыз;

Жеке деректерді қамтымайтын күрделі құпиясөздерді пайдаланыңыз;

Құрылғыға бақылау жоғалған жағдайда, бірден банк карталары мен онлайн қол жетімділікті банк колл орталығы арқылы бұғаттаңыз.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар