Ашық оқу семинарына оқытушылар, мектепке дейінгі әдіскерлер мен студенттер, магистранттар мен PhD докторанттары қатысты.
«Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамыту теориясы мен әдістемесі» пәні негізінде жүргізілген ашық семинар сабағында студенттер, мектеп жасына дейінгі балаллардың сөздік қорын дамытудың тиімді жолдары мен инновациялық әдіс-тәсілдерді, теориядан практикаға бағытталған алдын ала дайындық жұмыстары негізінде тәрбиешінің күнделікті балалармен ұйымдастырылған оқу қызметтерін талдап, жаңаша бағытта ұсынып, өздерінің алған білімдерін жан-жақты көрсетті.
№179 мектепке дейінгі ұйымның тәжірибелі педагогі Эльмира Шаумурнова өзінің іс тәжірибесінде қолданылатын тың әдістерімен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Ашық семинар сабағы SMART мақсатына жетіп соңында студенттер топтық жұмыста белсенді атсалысып балалардың сөздік қорын дамытудағы бірегей әдістердің бірі «Мнемотехника» әдісін, жаңа CANVA, GLIP платформаларында балаларға жаттау, ертегіні еске сақтаудың тиімді жолдарын көрсетті.