Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, оны туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Әңгіме барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тілеп, оның Ресейдің дамуы мен халқының әл-ауқатын арттыруға қосқан үлесін атап өтті.
Қазақстан Президенті Владимир Путиннің Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайтуға қосқан үлесіне де тоқталды.
Сонымен қатар мемлекет басшылары алдағы бірлескен іс-шаралардың кестесін қарастырды.