Алматыда мемлекет қажеттілігі үшін жер телімдерін сатып алу басталды

Көркем Алдабергенова 30 жел. 2025 11:18

Алматы қаласының әкімдігі Медеу ауданында мемлекеттік қажеттілік үшін жер телімдерін мәжбүрлі түрде алып қоюды бастау туралы қаулыны бекітті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әкімдік мәліметінше, әңгіме Медеу ауданында орналасқан 21 жер телімі туралы болып отыр. Атап айтқанда, олар мына мекенжайларда орналасқан:

  • Жүргенов көшесі, 42;
  • Латиф Хамиди көшесі, 17/40, 19 және 21/37.

Бұл аумақта қыс мезгілінде қарды жоюға арналған қар еріту пунктін салу жоспарланған.

Қаулыға 25 желтоқсанда қол қойылған. Ал жер телімдерін алып қою рәсімі 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқталуы тиіс. Осы мерзім ішінде меншік иелерімен заңда көзделген барлық шаралар жүргізіледі, оның ішінде өтемақы төлеу де қарастырылған.

Алматыда мемлекеттік қажеттілік үшін жер сатып алу жұмыстарын Қала жер орталығы басқармасы жүзеге асырады. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар