Шымкентте бір отбасының 8 адамы газдан уланып қалды, деп хабарлайды Dalanews.kz otyrar.kz-ке сілтеп.
Алдын ала болжам бойынша үй мұржасының құрылысы талапқа сай жасалмаған. Мамандар тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды.
Кеше Шымкентте 8 адам табиғи газдан уланып, ауруханаға түсті. Олардың бәрі - бір отбасының адамы. Оқиға Асар шағынауданында тіркелген.
Дәрігерлер уланғандардың бәріне медициналық көмек көрсеткен. Ауруханада ем алған олар үйлеріне шығарылған.
"Қазір зардап шеккен азаматтардың жағдайы қанағаттанарлық, барлығы медициналық бақылауда", - деді Шымкент ТЖД ресми өкілі Асқар Шәріп.
Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының дерегінше, қалада жыл басынан бері 236 газдан улану дерегі тіркелген. 3 адам қайтыс болған.
