Үкіметте 2026 жылы барлығы 12 заң жобасын әзірлеу көзделген, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына әрбір заң жобасы сапалы әзірленуін және олардың Мәжіліске уақтылы енгізілуін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
"Мемлекеттік органдардың арасында ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету маңызды. Заң жобаларын келісу барысында басы артық бюрократиядан арылып, жедел жұмыс істеу керек. Әділет министрлігі Мемлекет басшысының, Президент әкімшілігінің және Үкіметтің заңнамалық тапсырмаларына жыл бойы мониторинг жүргізіп отыруға тиіс", - деді Олжас Бектенов.Жоспардың орындалуын жалпы бақылау мен үйлестіру Әділет министрлігіне жүктелді.
