Көктайғақ: Қарағанды - Астана тасжолы уақытша жабылды

Сағыныш Сардарова 30 жел. 2025 10:22

Ауа райы күрт өзгеруі, жауын-шашын күшеюіне байланысты Қарағанды - Астана бағытындағы республикалық маңызы бар тасжол уақытша жабылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Облыстық полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген қызмет режиміне көшті.

"Полиция жол қозғалысына қатысушыларды ауа райының қолайсыздығын ескеріп, алыс жолдарға шықпауға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады", - деп жазылған хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар