Зеленский Путин резиденциясына «украин дрондары шабуыл жасағанын» жоққа шығарды

Көркем Алдабергенова 30 жел. 2025 09:47

Владимир Зеленскийдің айтуынша, бұл Украина мен АҚШ арасындағы диалогта Дональд Трамппен кездесуден кейін байқалған ілгерілеуді тоқтатуға бағытталған әрекет, деп хабарлайды Dalanews.kz УНИАН-ға сілтеме жасап. 

Зеленский сондай-ақ Ресей мұндай мәлімдемелер арқылы Киевке соққы жасауға алдын ала ақтау дайындап жатқан болуы мүмкін деп есептейді.

Ал Владимир Путиннің бейбітшілік туралы сөздері, оның пікірінше, тек Дональд Трампқа арналған, жаңа санкциялардан құтылу үшін айтылып отыр. Бұл туралы РБК Украина Зеленскийдің америкалық Fox News телеарнасына берген сұхбатына сілтеме жасап хабарлайды.

«Ол санкциялардың күшейгенін қаламайды. “Арзан электр энергиясы” туралы айта беруі мүмкін, бірақ ол бізге қажет емес. Бізге олардан ештеңе керек емес. Бұл Трампқа арналған ғана белгі, байланыс орнату тәсілі», - деді Владимир Зеленский.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар