Қостанай облысында хоккей спортын дамытуға 1 миллиардтан астам бөлінбекші

Дінасыл Хамит 30 жел. 2025 08:18

Қостанай облысында шайбалы хоккей командаларын қажетті спорттық жарақпен қамтамасыз ету мақсатында ірі көлемде қаржы бөлу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz

Аталған бастама бойынша тапсырыс беруші ретінде Қостанай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы әкімшілігі ұсыныс жасаған. Ресми мәліметтерге сәйкес, бөлінетін қаражат аймақтық хоккей клубтарының спорттық жиынтықтарын сатып алуға, алдағы өтетін оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыруға, сондай-ақ командалардың дайындық кезеңінде спортшылардың жол шығындарын қамтамасыз етуге бағытталады. Бұл шаралар 2026 жылы өтетін турнирлерге алдын ала бекітілген регламент талаптарына сәйкес есептелген.

Жоспарланған сатып алудың жалпы құны нақты 1 118 534 482,75 теңгені құрайды. Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер 26 желтоқсан күні қабылдана бастайды және 2026 жылдың 8 қаңтарына дейін жалғасады.

Аталған қаржыландыру өңірде шайбалы хоккейді дамытуға, спортшылардың кәсіби деңгейін арттыруға және халықаралық жарыстарға сапалы дайындалуына оң ықпал етпекші дейді тапсырыс беруші тарап.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар