KazTAG бас редакторының пәтерінде тінту жүргізілді

Көркем Алдабергенова 30 жел. 2025 09:03

Астанадағы KazTAG агенттігінің кеңсесінде және бас редакторының пәтерінде тінту жүргізілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

29 желтоқсан күні кешке полицейлер KazTAG агенттігінің елордадағы кеңсесіне тінту жүргізу үшін келген. Астанадағы Мәңгілік Ел даңғылы бойындағы Журналистер үйінде орналасқан ғимаратқа агенттіктің бас редакторы Әмір Қасенов пен оның адвокаттары да келген.

Еске салайық, бұған дейін KazTAG ақпарат агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов үйқамаққа ауыстырылған болатын. Бұл туралы адвокат Дәулет Жұмағұлов мәлімдеді. 

23 желтоқсанда Әмір Қасенов Астананың Есіл аудандық полиция басқармасына тергеу әрекеттеріне шақырылған. Кейін оның адвокаттары бас редактордың ұсталғанын растаған. 

Қысқа уақыт ішінде екі ірі ақпарат құралы – KazTAG халықаралық ақпарат агенттігі мен Orda.kz – Қылмыстық кодекстің 274-бабы "көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша қозғалған істердің фигуранттары болды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар