ҚазТаг агенттігінің бас редакторы үйқамаққа ауыстырылды

Ақтоты Жапатова 25 жел. 2025 10:43

KazTAG ақпарат агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов үйқамаққа ауыстырылды. Бұл туралы адвокат Дәулет Жұмағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Тергеу соты қылмыстық қудалау органының қамауда ұстау туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартты. Әмір Қасенов тергеу кезеңінде үйқамақта болады. Біздің жұмысымыз жалғасуда»,- деді адвокат Дәулет Жұмағұлов.

Сот отырысына бес ерікті адвокат қатысқан.

Еске салайық, 23 желтоқсанда Әмір Қасенов Астананың Есіл аудандық полиция басқармасына тергеу әрекеттеріне шақырылған. Кейін оның адвокаттары бас редактордың ұсталғанын растаған. 

Қысқа уақыт ішінде екі ірі ақпарат құралы – ҚазТАГ халықаралық ақпарат агенттігі мен Orda.kz – Қылмыстық кодекстің 274-бабы "көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша қозғалған істердің фигуранттары болды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар