Атырау облысында 68 жастағы әйел жаяу жүргіншілер көпірінен құлап кетіп мерт болды

Атырау облысында 68 жастағы әйел жаяу жүргіншілер көпірінен құлап кетіп мерт болды
gov.kz

Атырау облысында жаяу жүргіншілер көпірінен құлаған әйел көз жұмды. Қайғылы оқиға 22 мамырда Мақат ауданында болған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша түскі уақытта 68 жастағы әйел Мақат кенті мен Байгетөбе ауылын жалғайтын жаяу жүргіншілер көпірінен құлап кеткен.

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі дереу жеткенімен, әйелді аман алып қалу мүмкін болмаған.

Атырау облыстық Полиция департаменті әзірге оқиғаға қатысты ресми ақпарат таратпаған. Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.