Алматыда із-түссіз жоғалған жігіт өлі табылды

Алматыда із-түссіз жоғалған жігіт өлі табылды
ktk.kz

Алматыда із-түссіз жоғалған Ерзат Егінбай көз жұмғаны белгілі болды. Қаралы хабарды марқұмның жақындары жеткізді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алайда туыстары оның неден қайтыс болғанын нақтылаған жоқ.

Айта кетейік, 25 жастағы алматылық Ерзат Егінбайды жақындары төрт күн бойы іздеген еді. Ол 19 мамырда түсте жұмыстан шығып кетіп, қала маңындағы ауылдарға қатынайтын автобусқа отырған.

23 мамырда туыстары мен достары оны Еңбекшіқазақ ауданындағы Космос ауылынан іздеді. Себебі жігіт дәл осы ауылдан автобустан түскені анықталған.

Қазір Ерзат Егінбайдың өліміне не себеп болғаны белгісіз.