"Ақбаянның 5 баласын баға алмаймыз": Марқұмдардың туысы пікір білдірді (ВИДЕО)

"Ақбаянның 5 баласын баға алмаймыз": Марқұмдардың туысы пікір білдірді (ВИДЕО)
Dalanews.kz коллажы

Қарабалиндер әулетінің туысы Фаризат Кенжеғалиева қайғылы оқиғадан кейін балалардың тағдырына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оның айтуынша, қазіргі жағдайда балаларды өзге туыстардың қарауына алу оңай мәселе емес. Себебі әр отбасының өз тіршілігі, өз жауапкершілігі бар. Бұл туралы ол Kursiv Media тілшісіне берген сұқбатында айтты.

"Қазір біреудің баласын біреу бақпайды. Өз балаларың өз үйіңе сыймайды. Бәрінде бала бар. Өз ойым – егер Ақбаян сау болса, көмектесер едік. Енді бір отбасыны қырып салып... Ақбаян анандай боп жатқан жерде... Мен өзім оның баласын бағамын деп айта алмаймын. Кім болса да, сөйтеді... Балалардың кінәсі жоқ... Ол осындай әрекетке барардың алдында ойлануы керек еді. Ақылмен шешу керек, ал ол ашумен шешті", – деді Фаризат Кенжеғалиева