Қазақстанда 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында 136 548 жеңіл автокөлік шығарылып, өндіріс көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38%-ға артты, деп хабарлайды dalanews.kz.
«2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 136 548 жеңіл автокөлік өндірілді. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38%-ға көп», – делінген сейсенбі күні жарияланған хабарламада.
Бюроның нақтылауынша, қыркүйек айында отандық кәсіпорындар 19 377 жеңіл автокөлік шығарған. Бұл өткен жылдың осы айындағы көрсеткіштен 66,4%-ға, ал 2026 жылғы тамыздағы нәтижеден 35,5%-ға жоғары.
Жарияланған мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда автомобиль өндірісімен 12 кәсіпорын айналысады. Өндірістік қуаттардың басым бөлігі Қостанай және Алматы облыстарында шоғырланған. Жалпы өндіріс көлеміндегі Қостанай облысының үлесі 50,5%-ды, ал Алматы облысының үлесі 49,5%-ды құрады.
Ақшалай мәнде «Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер» санатындағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі тоғыз айда 1,67 трлн теңгеге жетті. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, осы сегменттегі өнеркәсіптік өндіріс индексі 2025 жылғы қаңтар-қыркүйек кезеңімен салыстырғанда 129,9% болды.
Қыркүйек айында өндірілген өнімнің құны 198,4 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш тамыз айымен салыстырғанда 25,7%-ға, ал 2025 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 10,5%-ға өсті.