Алматыда мереке күндері қарсаңында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шұмаевтың айтуынша, патрульдік жасақтардың саны орталық көшелерде, тұрғын аудандарда және адамдар көп жиналатын орындарда артты. Ерекше көңіл құқықбұзушылықтың алдын алуға, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігіне бағытталады.
Полиция қала тұрғындарын қоғамдық тәртіпті сақтауға, көпқабатты үйлердің ауласында тыныштық режимін бұзбауға және балалар мен қарт жандардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.
