Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентімен сөйлесті

Dalanews 29 жел. 2025 19:12

29 желтоқсанда Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы әңгімелесті, деп хабарлайды Dalanews.kz

Әңгіме барысында Өзбекстан басшысы мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті алда келе жатқан Жаңа жылға орай бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, екі бауырлас ел халықтарына бейбітшілік, тұрақтылық пен өркендеу тіледі.

Тараптар Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы достық, тату көршілік, стратегиялық әріптестік және одақтастық қатынастардың жоғары деңгейге жеткенін, сондай-ақ өзара ынтымақтастықтың барлық негізгі бағыттар бойынша жүйелі әрі жан-жақты дамып келе жатқанын ерекше қанағаттанушылықпен атап өтті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар