Биыл зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерге қанша теңге бағытталды? Министр жауап берді

Қаракөз Амантай 31 жел. 2025 10:47

Қазақстанда 2025 жылдың басынан бері зейнетақы мен түрлі әлеуметтік жәрдемақыларды қаржыландыру үшін 5,9 трлн теңге көлемінде қаражат бағытталған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министр мемлекет әлеуметтік саясат саласындағы өз міндеттемелерін уақытында орындап отырғанын атап өтті.

"Жылдың басынан бастап 4,6 миллионнан астам азамат зейнетақымен және әлеуметтік төлемдермен қамтылды. Олардың қатарында шамамен 2,5 миллион зейнеткер және 2,1 миллионнан астам жәрдемақы алушы бар", — деді Жақыпова.

Сонымен бірге оның айтуынша, 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі деңгейі ең төменгі күнкөріс шегінің 70 пайызына дейін, ал жоғары шегі 110 пайызына дейін қайта есептелген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар