Қазақстанда инфляция әлі де жоғары деңгейде сақталып отыр. Бұл туралы Finprom мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Негізгі баға өсіміне азық-түлік, денсаулық сақтау қызметтері және коммуналдық қызметтер әсер етеді. Кейінгі жылдары коммуналдық қызметтерде инфляция қатты байқалады.
2020 жылдың желтоқсанынан бері бағаның өсуі келесідей:
- Су кетіру – 206,3%
- Қоқыс шығару – 204,7%
- Электр энергиясы – 180,1%
- Үйді жөндеу және қызмет көрсету – 163%
- Орталық жылу – 159,8%
- Тұрғын үйді ұстау – 158,1%
- Суық су – 157,3%
- Ыстық су – 152,5%
- Газ (таралу желісі арқылы) – 146,8%
- Мобильді байланыс – 144%
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, қазақстандықтар тұтыну шығындарының шамамен 3,4%-ын байланысқа жұмсайды. Бұл көрсеткіш кейінгі 15 жылда айтарлықтай өзгермеген және аздап төмендеуге бейім.
Инфляция мен коммуналдық тарифтердің өсуіне байланысты байланыс бағасын "тұрақтандыру" тиімді шешім болып отыр. Мысалы, Tele2 компаниясының "Моя выгода" және "Будь в плюсе" тарифтері бір жылға бағаны бекітіп береді. Бұл тарифтер абонентке сенімділік сыйлайды: теңгенің ауытқуы немесе электр энергиясы мен жабдық құнының өсуі байланыс ақысына әсер етпейді.
Яғни, мұндай тарифтер инфляциядан қорғанудың қарапайым әрі тиімді тәсілі.
