Қазақстанда электросамокат иелері тіркеу нөмірін алуға міндеттелді. Бұл талап тек жалға берілетін электросамокаттарға қатысты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұған дейін мемлекет басшысы электросамокаттарды жалға берумен айналысатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге бірқатар міндет жүктейтін заңға қол қойған болатын. Аталған құжатқа сәйкес:
-
пайдаланушыларды міндетті түрде сәйкестендіру және қолданыстағы жүргізуші куәлігінің бар-жоғын тексеру;
-
18 жасқа толмаған және жүргізуші куәлігінен айырылған тұлғаларға электросамокатты жалға беруге әрі басқаруға тыйым салу;
-
жол қозғалысы аймағына байланысты самокаттың ең жоғары жылдамдығын автоматты түрде шектеу;
-
жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысына кедергі келтіретін орындарда самокатты қалдырудың алдын алу;
-
әрбір электросамокатқа бірегей тіркеу нөмірін беру және олардың орналасқан жері туралы деректерді тиісті мемлекеттік органдарға жолдау талаптары енгізілді.
Электросамокаттың жол қозғалысына қатысуына сақтандыру полисі мен тіркеу нөмірі болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
