Жаңа жыл мерекесінде ХҚКО мен арнайы ХҚКО қалай жұмыс істейді?

Жаңа жыл мерекесінде ХҚКО мен арнайы ХҚКО қалай жұмыс істейді?
gov.kz
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Жаңа жыл мерекесі күндері халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) және арнайы ХҚКО-лардың жұмыс кестесін жариялады, деп хабарлайды Dalane...

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Жаңа жыл мерекесі күндері халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) және арнайы ХҚКО-лардың жұмыс кестесін жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Демалыс күндері

Жаңа жылға байланысты 1 және 2 қаңтар, сондай-ақ 2026 жылғы 7 қаңтарда барлық ХҚКО мен арнайы ХҚКО жұмыс істемейді.

3 қаңтар – сенбі

Бұл күні кезекші ХҚКО мен арнайы ХҚКО-лар ғана қызмет көрсетеді.
Азаматтарды қабылдау уақыты: 09:00–13:00.

5 және 6 қаңтар – жұмыс күндері

Бұл күндері ел бойынша барлық ХҚКО мен арнайы ХҚКО әдеттегі режимде жұмыс істейді.

Мемлекеттік корпорация өкілдерінің хабарлауынша, қалыпты жұмыс күндері:

  • ХҚКО мен арнайы ХҚКО-лар 09:00–18:00 аралығында азаматтарды қабылдайды;

  • Кезекші ХҚКО мен арнайы ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00–20:00, сенбі күні 09:00–13:00 аралығында жұмыс істейді.

Азаматтарға сапарды жоспарлау кезінде осы жұмыс кестесін ескеруге кеңес беріледі.