Астанада автобус аялдамасын бүлдірген адам ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Кенесары көшесінде кешкі уақытта белгісіз адам автобус аялдамасының әйнегін сындырып, оқиға орнынан бой тасалаған.
Полицейлер жедел әрекет етіп, қала тұрғынын ұстады.
"33 жастағы тұрғын масаң күйде аялдама павильонын "сынап көрмек" болған. Бұл әрекет оның әкімшілік жауапкершілікке тартылуына себеп болды. Бөгде мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру дерегі бойынша ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен оған 20 тәулікке қамау жазасы тағайындалды", - деді полиция.
