Ақмола облысында жол апатынан ауыр жарақат алған полиция қызметкері Данияр Таев 4 қарашада ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Апат 3 қараша күні Астана – Петропавл тасжолында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, JAC көлігінің жүргізушісі жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты сақтамай, жол техникасының соңынан ілесіп келе жатқан полицияның қызметтік автокөлігіне соғылған.
Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. JAC жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір жол апатының мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүріп жатыр.