Балқаш пен Мойынқұмдағы АЭС құрылысы қашан аяқталады?

Балқаш пен Мойынқұмдағы АЭС құрылысы қашан аяқталады?
pixabay.com

Қазақстан Балқаш пен Мойынқұмда салынатын екі атом электр станциясының құрылысын 2035 жылға дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл туралы энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкіметтегі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Министрдің айтуынша, Балқаш маңындағы алғашқы АЭС жобасын ресейлік «Росатом» консорциумы жүзеге асырады. Ал екінші атом электр станциясын салу мәселесі Қытай ұлттық ядролық корпорациясымен (CNNC) талқыланып жатыр.

Қазір екінші жоба бойынша келісімнің негізгі параметрлері, соның ішінде құрылыс мерзімдері пысықталуда.

«Біз бұл жобалар 2035 жылға дейін аяқталуы керек деп сенеміз», – деді Ерлан Ақкенженов.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы атом электр станциясының құрылысын 2027 жылы Балқаш маңында бастауды тапсырған болатын. Ал екінші АЭС бойынша үкіметаралық келісімге 2027 жылдың соңына дейін қол қою жоспарланған.