Құны 100 млн теңгеден асуы мүмкін: ителгілерді елді заңсыз әкетпек болған адам ұсталды

Құны 100 млн теңгеден асуы мүмкін: ителгілерді елді заңсыз әкетпек болған адам ұсталды
ҰҚК

ҰҚК Шекара қызметі сирек кездесетін және қорғауға алынған жануарларды ел аумағынан заңсыз әкету дерегінің жолын кесті, деп хабарлайды dalanews.kz.

31 қазанда Түркістан облысындағы "Целинный" өткізу пунктінде шекарашылар Қызыл кітапқа енген 11 ителгіні контрабандалық жолмен әкету әрекетін анықтаған. Қазақстан Республикасының азаматы ұсталған.

Тәркіленген құстардың қара нарықтағы құны 100 млн теңгеден асуы мүмкін.

"Бұл деректер бойынша материалдар тиісті процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды", - деп жазылған хабарламада.