Алматыда азаматтық некедегі әйелін асқан қатыгездікпен өлтірген бұрынғы полиция қызметкері 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды dalanews.kz "Криминальный Казахстан" арнасына сілтеп.
Оқиға былтыр мамырда болған. Ер адам жанжал кезінде балалардың көзінше әйеліне пышақпен 39 рет соққы жасаған. Кейін өзіне қол жұмсамақ болған, бірақ аман қалған.
Сот отырысында айыпталушы не болғанын тек ауруханада есін жиғаннан кейін түсінгенін айтқан. Алайда сот оның бұл уәжін қабылдамады.
Бұрынғы полиция қызметкері азаматтық некедегі әйелін асқан қатыгездікпен өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.
Сонымен қатар, сотталған адам марқұмның отбасына моральдық зиян үшін 10 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді. Ерлі-зайыптының артында үш бала қалды.