"ҚазАвтоЖол" бірқатар өңірдегі жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
31 желтоқсанда Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Ұлытау, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Алматы, Жетісу, Жамбыл, Атырау, Қостанай, Абай және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауады.
"Сол себепті жүргізушілерден жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райы қолайсыздығын ескеруді сұраймыз. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады", - деп жазылған хабарламада.
