Телефонмен сөйлескен жүргізуші 57 жастағы әйелдің өліміне себеп болды

Телефонмен сөйлескен жүргізуші 57 жастағы әйелдің өліміне себеп болды
pixabay.com

Астанада ұялы телефонмен сөйлесіп келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып өлтірген автобус жүргізушісі екі жыл бір айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Тергеу материалдарына сәйкес, жүргізуші автобус тізгінінде отырып, телефонмен сөйлескен кезде реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 57 жастағы әйелді қағып кеткен.

Жәбірленуші ауыр жарақаттар алып, ауруханада көз жұмды.

Сотта мемлекеттік айыптаушы жүргізушінің кінәсін толық дәлелдеді. Сот үкімімен оған екі жыл бір ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, бес жыл мерзімге көлік құралын басқаруға тыйым салынды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Астана қаласының прокуратурасы жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға және көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланбауға шақырды.