Марсты микробтар мекендейді

Dalanews 18 мау. 2015 01:58 251

Марс ғаламшарының алғашқы тұрғыны метаногенді микробтар болуы мүмкін. Аталған микроб түріне зерттеу жүргізген АҚШ-тың Арканзас университетінің ғалымдары осындай байлам жасауда.

Қызыл ғаламшарда температура мен қысымның өте төмен екені ғалымдарға белгілі. Мұндай ортада адамның өмір сүруі мүмкін емес. Тек микробтар ғана тіршілік ете алады. Осы ретте американдық ғалымдар Марстағыдай жасанды орта дайындап, оған метаногенді микробтарды жіберген. Нәтижесінде көзге көрінбейтін микробтар төменгі температура мен қысымда өмір сүруін жалғастырып, бойынан метан газын бөліп шығарған. Ғалымдар ғылыми-зерттеу жұмыстары жер шарынан жырақта жатқан Марс ғаламшарын игеру жолындағы маңызды қадам болып саналатынын мәлімдеді. Болашақта метаногенді микробтарды Қызыл ғаламшарға жеткізіп, жер шарындағыдай қоршаған орта түзуге болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x