Павлодарда Жеңіс саябағында ұятсыз би билегендерге сот шешімі шықты

Сағыныш Сардарова 14 мам. 2025 12:32 288

Павлодарда Жеңіс саябағында әдепсіз би билегендерге сот шешімі шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Павлодар қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2008 жылғы Ж. мен 2009 жылғы И.-ге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі қарады.

"2025 жылғы 2 мамырда сағат 16:00 шамасында кәмелетке толмаған Ж. мен И. Павлодар қаласындағы Даңқ алаңына барып, Даңқ Обелискі мен Мәңгілік алаудың жанында ұятсыз билермен бейнеролик түсіріп, осылайша Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі 434-бабының 4-бөлігінде көзделген ұсақ бұзақылықты жасаған", - деп жазылған сот хабарламасында.

Сот отырысы барысында екі қыз кінәсін толық мойындаған.

Ж. саябаққа хореографтың шақыруымен әрі басқа қыздармен бірге Жеңіс күніне арналған бейнеролик түсіру үшін келгенін айтты. Оның сөзінше, TikTok желісінен көрген трендтен кейін осындай би түсіру идеясы келген. Түсірілген бейнеролик Instagram желісіндегі жабық парақшаға "Саябақты қорлаймыз" деген орынсыз жазумен жарияланған. И. да осыған ұқсас түсініктеме берген.

Айта кетейік, бұған дейін оқиға әлеуметтік желілерде шу туғызды. Оған қоса Жеңіс күні қарсаңында болды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар