СҚО әкімі италиялық инвестормен ауыл шаруашылығы жобасын талқылады

Ақтоты Жапатова 14 мам. 2025 10:50 182

Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Prosol Spa» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Адальберто Вилла және атқарушы директоры Даниэле Бонвичинимен кездесу өткізді, деп хабарлайды Dalanews.kz

Итальяндық серіктестер «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында мал азығына арналған ашытқы өндіретін зауыт салу жобасын жүзеге асыруда.

"Инвесторларға сенім білдіріп, өңірдің дамуына қосқан үлестері үшін алғысымды білдірдім. Өз тарапымыздан жобаны жан-жақты қолдауға дайынбыз. Солтүстік Қазақстан өңірі тиімді серіктестікке ашық!",- деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Зауыттың өнімі ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігін арттыруға ықпал етеді. Бұл аса маңызды жоба, өйткені, өңірде сүт және етті мал шаруашылығы белсенді дамып келеді. Жобаға 3 миллиард теңге инвестиция салу жоспарланған. Кәсіпорын жылына 3 000 тонна өнім өндіріп, 40 жаңа жұмыс орнын ашады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар