Алматыда үсті қанға боялған ер адам көшеден табылды

Алматыда үсті қанға боялған ер адам көшеден табылды
Алматы ПД

Алматы полициясының жедел басқару орталығына Алатау ауданындағы Шаңырақ-2 шағынауданында үсті қанға боялған ер адам жүргені туралы хабар түсті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Куәгерлердің айтуынша, оның бір қолында пышақ, екінші қолында кірпіш болған.

Оқиға орнына санаулы минут ішінде жеткен патрульдік полиция қызметкерлері ер адам ауыр жарақат алып, көп қан жоғалтқанын анықтаған.

Полицейлер дәрігерлер келгенге дейін алғашқы медициналық көмек көрсетіп, қан кетуін тоқтатқан. Кейін ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылып, ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала мәлімет бойынша ол мас күйде болған. Өзінің айтуынша, туған күнін тойлау кезінде дастархан басында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан. Соның салдарынан жарақат алған.

Қазір Алатау аудандық полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын және жанжалға қатысқандарды анықтап жатыр. Тексеріс қорытындысы бойынша олардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.