Қызылорда қаласының прокуратурасы 900 млн теңгенің мүлкін мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Әкімдік тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдейтін полигонды кәсіпкерге шарт негізінде 15 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға берген. Дегенмен сенімгерлікпен басқарушы есеп тапсыру, тапқан пайдасының елу пайызын сыйақы ретінде және таза кірісінің бөлігін мемлекетке төлеу жөнінде шарт міндеттемелерін орындамаған.
"Ал әкімдік бұл міндеттемелердің орындалуына бақылау жасамаған. Қадағалау актісінің нәтижесімен құны 700 млн теңге болатын, тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдейтін полигон және 326 га көлеміндені, құны 210 млн теңге болатын 16 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды", - деп жазылған хабарламада.