14 жастағы қызға тиісті деген күдікпен домбыра үйірмесінің мұғалімі қамалды - БАҚ

Сағыныш Сардарова 14 мам. 2025 12:39 315

Әлеуметтік желі мен БАҚ-та 14 жастағы қызға тиісті деген күдікпен домбыра үйірмесінің мұғалімі қамалды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Информбюро 31" мәліметінше, Алматы облысында 14 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікпен домбыра үйірмесінің ұстазы қамалған.

"Екеуі қонақүйге барып, бөлмеге бірге кіргені бастан-аяқ бақылау камерасына жазылған. Сол сәтте полицейлер келіп, 33 жастағы ер адамның қолына кісен салады. Ал қонақүйдің қожайыны бұл оқиғаның қасақана ұйымдастырылғанын айтады. Себебі кәмелетке толмаған қыз бұған дейін де дәл осылай өзге азаматқа қастандық жасаған деп отыр", - деп жазылған мәліметте.

Оқиғаның бәрі Өтеген батыр ауылындағы қонақүйде болған. 

Алматы облысы Полиция департаменті бұл іс бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. 

"Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстап аудандық бөлімшеге жеткізді. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жәйын жан-жақты, толық әрі обьективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Алматы облысы әкімдігі жағдайға пікір білдірді.

"Іле ауданы Өтеген батыр кентіндегі "У Розы" қонақүйінде болған жағдай бойынша оқиғаға қатысқан 14 жастағы оқушы да, мұғалім де Алматы облысының тұрғындары емес", - деп жазылған хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар