Депутат Ринат Зайыт не себепті тегін Зайытовтан “Зайыт” деп өзгерткенін түсіндірді, деп хабарлайды Dalanews.kz Qaz365.kz сілтеме жасап.
"Ов және вич деген біздің үлкен аға-апайларымыз айтпақшы, бұл – кезіндегі кеңес үкіметінің, патшалық Ресейдің бодандығындағы бізге тағылған айдар іспетті. Аға-апайларымның тілімен айтқанда, бұл кеңес үкіметінің бізге кигізіп қойған қамыты деп есептеймін", – деді ол.
Ринат Зайыт басқа депутаттарға тегін ауыстыру жөнінде үндеу тастағысы келмейтінін айтты. Бұл мәселе әркімнің өз еркінде деп ойлайтынын жеткізді.
"Төлқұжатында жазылғаннан кейін әр адамның есімі – жекеменшігі. Сондықтан, біреуге кеңес бере алмаймын", – деді Ринат Зайыт.