Қыз алып қашу? Бұл үшін жаза қарастырылуы мүмкін - депутат

Сағыныш Сардарова 14 мам. 2025 15:57 423

Қазақстанда қыз алып қашқаны үшін жаза қарастырылуы мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновтің айтуынша, кейінгі үш жылда Қазақстанда некеге мәжбүрлеу бойынша 214 шағым тіркелген. Алайда олардың 10-ы ғана сотқа жеткен. Қалған қылмыстық істер жабулы күйінде қалған.

"Қыз ұрлап әкеткенін, көліктен секіріп түскенін, күш қолданылғанын дәлелдесе де, ештеңе істей алмады", – деді Әбенов Мәжіліс дәлізінде.

Парламент депутаттары жақын арада Мәжілісте қаралатын түзетулер әзірлеген. Олар Қазақстанда "қыз ұрлау" үшін жаза енгізуді ұсынады. Бұл ресми түрде "некеге мәжбүрлеу" деп аталмақ.

"Біз түзетуді дұрыс атадық және барлық жағдайды қарастырып жатырмыз. Толығырақ нақтыланады, бірақ онда елеулі айыппұл салынады. Әкімшілік жауапкершілік бар, ал егер қыз 18 жасқа толмаған болса немесе күш қолданылған жағдайда, не бір топ адам қатысқан болса, онда қатаң жауапкершілік болады, тіпті 5–7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады", – деді депутат.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар