Орал тұрғыны инспекторға сыйлық бергені үшін жазаланды

Қаракөз Амантай 14 мам. 2025 14:56 441

Орал тұрғыны инспекторға сыйлық бергені үшін жазаланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Іс материалдарына сәйкес, алаяқтық үшін сотталған адам пробация қызметінде есепте тұр. Инспектордың туған күнінде ол курьер арқылы оған гүл шоғы мен шоколадпен қапталған құлпынай жіберуді шешкен.

"Әкімшілік кодекске сәйкес, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар беру 200 АЕК (2025 жылы 786 400 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады", – деп атап өтті БҚО сотының баспасөз қызметі.

Сот отырысында әйел кінәсін мойындап, теріс ниеті болмағанын және ол адамға гүл беруге болмайтынын білмегенін айтты. Сот оған 550 480 теңге айыппұл салды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар