Саясаттанушы Дос Көшім Ұлы отан соғысын тойлау, жақында өткен әскери парадқа қатысты ойын ашып айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Саясаттанушының сөзінше, Ұлы отан соғысына арналған парадқа жалпылай қараған дұрыс
"Қоғамда екі түрлі көзқарас қалыптасқан. Біріншіден, бұл мәселені Ресей неліктен монополиялап алды? Жеңіске жеткен тек Ресей мемлекетік секілді. Оны кеңе үкіметінің кезіндегі адамдар қабылдағысы келмейді. Екіншіден, бұл мерекені Ресей өзінің басқыншылық империялық саясатына пайдаланып жатыр. Екеуі бір-біріне байланысты мәселе. Ұлы отан соғысын сыйлаймын, оған қатысқан азаматтарды құрметтеймін. Бірақ ол соғысқа Қазақстанның адамдары да кетті. Тәжіктер де, қырғыздар да қырылды. Енді парад неліктен Ресейде болуы керек? Неліктен Путин шақыруы керек бәрін? (...)
Мен өзім іштей келіспейтін мәселе: соғысқа кеңес үкіметінің бәрі қатысты, ал оны жеке мемлекеттің соғыстың бәрін қиратқан адам сияқты болуын қабылдамауымыз керек. Әр ел өзі парад жасауы керек. Ешкім Мәскеуге барып, парадқа қатысуы міндетті емес. Қайта олар бізге келсін. Мәскеуді қорғаған қазақтар. Қысқасы осының бәрін жоюдың бір жолы бар, біз сол соғысқа қатыстық, Қазақстанның деңгейі сол соғысқа бергені кем емес. Сондықтан біз оны дәл солай тойлай аламыз. Ол Ресейдің тойы емес", - дейді Дос Көшім Barys Media-ға берген сұхбатында.
Дос Көшім кеңес үкіметінің жасаған қылмыстары, коммунистік партияның жасаған өте ауыр қылмыстары бойынша Қазақстанда бірде-бір іс ашылмағанын айтты.
"Балтық жағалауы елдерінде, әлем елдерінде қылмыстық іс ашылды. Ал бізде жоқ. Себебі сол коммунистік партияны басқарған адамдар әлі де сол билікте отыр", - дейді Дос Көшім.
Саясаттанушы үкімет гиоргий лентасы немесе мәңгілік полк секілді шараларға заңмен тыйым салмайынша, оған шектеу болмайды.
"Менің ойымша, бұл кеңес үкіметін аңсайтын адамдар таусылғаннан кейін ғана немесе мемлекет белгілі бір нақты заңмен тоқтатқан кезде ғана тоқтайды",- дейді саясаттанушы.
Дос Көшім Қазақстанда 1991 жылдан бастап тарихты өзгертіп жазу қажет болғанын айтады.
"Ол туралы көп айтылды. Марат Тәжин президент аппаратының басшысы болған кезінді шынымен осы істі қолына алды. Көптеген жерге тарихшыларды жіберді. Қазір жеті томдық қазақ тарихы жазылды дейді. Біреулер жазылып жатыр дейді. Тарих - саясаттың қолбаласы. Саясат қайда кетсе, сонда барады, бұл тарихшылардың ауруы", - дейді саясаттанушы.
Оның сөзінше, Қазақстан - ең орыстанып кеткен республика.
"Орыс тілдімен қоса кеңестік психология бар. Онымен қоса ресейлік идеология да бар. Бұлар бір-бірімен қол ұстасып келе жатыр. Кеңестік психологиядан арылу Ресейдің шовинистік империялық психологиясынан айырудың бір жолы. Бірақ біз оны да айыра алмай отырмыз".
Дос Көшімнің сөзінше, қазіргі таңда ең басты мәселе - тіл мәселесі. Тілге қажеттілікті арттыру керек.