Зайсан ауданындағы Айнабұлақ ауылында жаңа спорт модулі салынып жатыр

Ақтоты Жапатова 14 мам. 2025 15:06 316

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Зайсан ауданындағы Айнабұлақ ауылында заманауи жаңа спорт модулінің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz

Қазір нысан 40%-ға дайын. Құрылыс алаңында спорт залының металл конструкцияларын орнату, бетондау жұмыстары, әкімшілік-тұрмыстық корпустың сейсмикалық белдеулік қалыптарын орнату және қабырғасын қалау жұмыстары жүріп жатыр. Нысан ағымдағы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Спорттық модуль тұрғындардың денсаулығын сақтауға және елді мекенде бұқаралық спортты дамытуға септігін тигізеді. Кешен екі негізгі бөліктен тұрады - ангар типті спорт залы мен кірпіштен салынған әкімшілік-тұрмыстық блокты жабық галерея жалғайды.

Жоба бойынша мұнда еркін және грек-рим күресі, баскетбол, волейбол өткізіледі.

Бұл жоба ауылдық елді мекендердегі спорттық инфрақұрылымды нығайтудағы маңызды қадам болып, Айнабұлақ ауылының тұрғындары мен жастарының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар